Астанада бәссаудаға Головкиннің қолтаңбасы бар боксерлік қолғабы мен Нибалидің сары жейдесі шығарылады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанадағы VII Қысқы қайырымдылық балында алғаш рет бәссаудаға Геннадий Головкиннің қолтаңбасы бар боксерлік қолғап шығарылады.

Атап айтқанда, биылғы 14 желтоқсанда сағат 19:00 Астанада VII Қысқы қайырымдылық балы өтеді. Барлық түскен қаражат балалар үйі тәрбиеленушілері мен Астананың аз қамтылған отбасынан шыққан балаларды қолдауға жұмсалады.

«Бал қысқы ертегі желісімен өтетін болады. Әдеттегідей, Бал дебютанттардың орындауындағы тамаша билерімен - веналық вальс, әсерлі рок-н-ролл, полька, блюз және қазақ вальсімен ашылады. Балда қазақстандық әртістер өз өнерлерімен тәнті енпек»,-делінген таратылған мәліметте.

Қарлы кеш барысында картиналар мен өнер туындыларының акуционы болмақ. Сонымен қатар, алғаш рет бәссаудаға Геннадий Головкиннің қолтаңбасы бар боксерлік қолғап және «Тур де Франс» жеңімпазы Винченцо Нибалидің сары жейдесі қойылады.

Сондай-ақ, кеш қонақтары арасында Rozita және Pasha зергерлік үйлерінің бағалы әшекейлері мен аксессуарлары, Renaissance сұлулық клубының және Luxury House арулар үйінің сертификаты, LifeFitness фитнес-клубының абонементі және т.б. бағалы сыйлықтардың ұтыс ойыны күтеді.

Бұл шараны «Болашақ» қайырымдылық қоры, «Нұр Отан» партиясы мен «Radisson HotelAstana» қонақүйі ұйымдастырып отыр.

Соңғы жаңалықтар