Астанада бас жоспарда мектеп болуы тиіс жерге 18 қабатты үй салынып жатыр – Бас прокуратура

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – 199 егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы елорданың бас жоспарына қайшы келеді. Бұл туралы Бас прокурор Берік Асылов Мәжіліс депутаттарының сауалына жолдаған жауабында мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Прокурорлық тексерулер жергілікті атқарушы және қадағалаушы органдар тарапынан қала құрылысы саласына қажетті бақылау жүргізілмейтінін анықтады. Бірқатар өңірде әлеуметтік маңыздағы нысандар қаланың бас жоспарынан негісіз шығарылады. Ал қоғам арасында мектеп пен аурухана орындарының тапшылығы жиі талқыланады» делінген жауапта.

Берік Асылов бұл тенденцияға ел астанасынан мысал келтіреді.

«Мысалы, Астана қаласында мектептің орнына (900 орындық) «SAT Group Project» ЖШС 18 қабатты тұрғын үй тұрғызып жатыр. Астана әкімдігінің бақыламауы салдарынан құрылыс салушы компания сквердің орнына «Grey Plaza» бизнес орталығын салып тастаған. Жалпы 199 егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы елорданың бас жоспарына қайшы келеді және 2035 жылға дейінгі жаңа қала құрылысы құжатының жобасына еніп кеткен», - деп жазады Бас прокурор.


Соңғы жаңалықтар