Астанада балмұздақтардан зиянды бактериялар табылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада микробиологиялық көрсеткіштерге сай келмейтін ТМ «Bаmbino» балмұздағы анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«2018 жылдың 7-9 сәуірінде және 23 наурызында шыққан өнімдерді тексеру барысында балмұздақтың екі түрінен 0,01 г ішек таяқшалары (нормадан жоғары) тобының бактериялары табылды. Шығарылған күні де жазылмаған», - деп хабарлады ведомстводан.

Бұл өнім Сарыарқа ауданы, Тайбұрыл көшесі, 7 мекенжайында орналасқан "Продукты" дүкенінде түгелдей сатылып кеткен. 

Микроорганизмдер Пушкин көшесі, 73 мекен жайында орналасқан өндіріс цехында да табылған. Сонымен қатар онда бірқатар санитарлық-гигиеналық талаптардың өрескел бұзылу фактілері тіркелді.

Осыған байланысты балмұздақ өндіруші «Баннұр НС» ЖШС-ға әкімшілік шаралар қолданылып, талаптарды сақтау бойынша мерзім берілді. Аталған мерзім ішіндегі талаптардың орындалуы департамент бақылауына алынды.

«Банур НС» ЖШС дайын өнімдері «Аружан», «Керуен», «Керуен Сити», «Азия-парк», «Хан шатыр», «Сарыарқа», «Мега SW» және басқа жерлердегі сауда нүктелерінде сатылады.

Ведомство тұрғындардан «Банур НС» ЖШС өндіретін ТМ «Bаmbino» балмұздағының 2018 жылдың 5-9 сәуірінде және 23 наурызында шыққан өнімдері анықталған жағдайда (8-7172) 31-71-39; 31-61-10 телефон номерлеріне, [email protected] поштасы арқылы хабарлауды сұрайды.

Естеріңізге сала кетейік, наурыздың соңында балмұздақтан уланған 188 адам Шымкенттегі жұқпалы аурулар ауруханасына түскен еді. Олардың арасында балмұздақ сататын орынның екі қызметкері бар. Олардан сальмонеллез табылды. Тағы бір сатушыдан стафилококк таяқшасы анықталды. Тиісті тексеру шаралары барысында «Южное» сауда нүктесінен көптеген кемшіліктер шығып, осы жағдайға байланысты  қылмыстық іс қозғалды. Тергеу әлі де жүргізілуде. 

Осы оқиғадан кейін Қазақстанның Бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин Қазақстанда балмұздақ сататын нысандардың барлығы тексерілетінін мәлім етті. 

Соңғы жаңалықтар