Астанада «Балбөбек» балалар шығармашылығы фестивалі өтеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 30 қазан күні Астанадағы «Жастар» сарайында «Балбөбек» ашық қалалық балалар шығармашылығы фестивалі өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қала әкімдігінің қолдауымен өтетін үшкүндік фестиваль бірнеше кезеңнен тұрады. Байқау номинациялары: «Хореография», «Эстрадалық вокал», «Көркем сөз» және «Бейнелеу өнері». Фестивальге қатысуға 7-17 жас аралығындағы дарынды балалар қатыса алады. Өтінімдер 26 қазанға дейін қабылданады.

Елорданың Мәдениет және спорт басқармасынан мәлім еткендей, қатысушыларды білікті қазылар алқасы бағалайтын болады. Бағалау критерийлері номинацияға байланысты.

Дәстүрлі «Балбөбек» фестивалінде осы уақытқа дейін бірнеше мыңдаған кішкентай әртістер, бишілер мен әншілер өнер көрсетті. Жыл өткен сайын қатысуға ниет білдірушілер саны еселеп артып келеді.

30 қазан күні (сағат 10:00) бірінші іріктеу кезеңі, 31 қазанда (сағат 10.00) екінші тур өтеді. Фестивальдің салтанатты түрде жабылу рәсімі мен жеңімпаздарды марапаттау 1 қараша күніне (сағат 15.00) жоспарланған.

 

 

Соңғы жаңалықтар