Астанада баланы судан құтқарған азамат іздестірілуде

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астана тұрғыны Есіл өзеніне батып бара жатқан баланың өмірін сақтап қалды. Бұл туралы ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Анықталғандай, ақпарат агенттіктердің бірінде баланың құтқарылған сәті түсірілген видео жарияланған.

«Видеоны жіберген адамның айтуынша, өзінің досы Есіл өзеніне батып бара жатқан баланы құтқаруға әрекеттенген бойжеткен мен жігіттің соңынан секірген», - дейді ТЖК ресми өкілі.

Ер кісі Астана қалалық ТЖД атынан марапатқа ұсынылатын болады.

«Баланың өмірін сақтап қалған азамат туралы қандай да бір ақпаратқа ие адамдардан Астана қалалық ТЖД-ның баспасөз қызметіне 55-96-60 телефон номері бойынша хабарласуды сұраймыз», - деді Р.Иманқұлов. 

Соңғы жаңалықтар