Астанада балалар үйінің тәрбиеленушілері үшін «Ризашылық», «Балалар игілігі үшін мейірімділік!» мерекесі ұйымдастырылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласы әкімдігінің «Балалар үйі» КММ-нің тәрбиеленушілері үшін «Ризашылық», «Балалар игілігі үшін мейірімділік!» қайырымдылық мерекесі ұйымдастырылды.

Сүйіспеншілік пен мейірімділік - әрбір адам үшін ең бағалы сыйлықтар. Сүйімпеншілік пен мейірімділік риясыз және ең адал ниетпен сыйланады.

Сүйіспеншілікке әсіресе, балалар мұқтаж. Әрбір баланың күнін қуанышты әрі бақытты ету қолымыздан келеді. Бүгін Астананың Балалар үйінде ұйымдастырылған «Ризашылық», «Балалар игілігі үшін мейірімділік!» қайырымдылық мерекесі дәл осындай қуанышқа толы күнге айналды. Шараның бастамашысы «Бөбек» балалар қорының президенті Сара Алпысқызы Назарбаева болды. Балалар алтыншы жыл қатарынан бұл күнді тағатсыздана күтеді. Себебі, бұл күні Астанадағы балалар үйінде бір-біріне махаббат пен жылулық, қамқорлық пен түсіністік үшін алғыс білдіріліп, жетімдердің тағдырына немқұрайлы қарамайтын бұрынғы достары мен жаңа қонақтар жиналады.

Балалар қонақтар, қызметкерлер және достары үшін сыйлықтарды алдын ала дайындап, достық пен сүйіспеншілік туралы жаңа әндерді жаттайды, түрлі алғыс хаттар ойлап тауып, Балалар үйіндегі достары мен қызметкерлерге арнап өлеңдер мен жақсы тілектерін жазады. Ересектер де шарадан тыс қалмай, әрбір балаға игі тілектері жазылған құттықтау хаттарын, сыйлықтар мен тәттілерін дайындайды. Шараның аясында Балалар үйінің холында балалардың өз қолдарымен жасалған бұйымдардан шығармашылық көрмесі ұйымдастырылды. Әсем безендірілген залда тәрбиеленушілерді мереке қонақтары қарсы алды. Шараға ҚР Білім және ғылым министрлігінің Балалар құқықтарын қорғау жөніндегі комитетінің төрайымы Оразалиева Зәбира Жандарқызы, Астана қалалық Білім басқармасы бөлімінің басшысы К.Сәрсекенова, Астана қалалық мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау бөлімі басқармасының балалар мен жасөспірімдер гигиенасы бөлімінің меңгерушісі Е.Тақамбаева, сондай-ақ ҚР БҒМ жанындағы «Қаржы орталығы» АҚ-ның, ҚР ҰҚК-нің, Астанадағы политехникалық колледждің өкілдері қатысты. Бағдарламаға «Ризашылық», «Балалар игілігі үшін мейірімділік!» мерекесінің ашылуы, ҚР ҰҚК-нің кураторларымен бірлесіп ұйымдастырылған «Біз - болашақ балалары» спорттық мерекесі, мерекелік түскі ас, ҚР Қорғаныс министрлігі оркестірінің концерті, № 2 өнер мектебінің «Музыканың сиқырлы әлемі» концерттік бағдарламасы, мерекелік кешкі ас, «Кең шеңбер» би кеші енді. Мерекені Зәбира Оразалиева ашып, балаларға Сара Алпысқызының атынан сыйлықтар - теледидар, кітаптар мен ойыншықтарды сыйға тарту етті. «Асыл арман» би ұжымының кішкентай қатысушылары кеш қонақтары мен қатысушыларын «Мереке» қазақ биі және «Тедди қонжығы» эстрадалық композициясымен қуантты. ЭКСПО-2017 көрмесінің бойтұмарына айналуға үміттеніп отырған Энерджик фантастикалық кейіпкері бұл кештің басты кейіпкері болды. Мереке бойы ол би билеп, балалармен ойын ойнады. «Ризамын» вокалдық-хореографиялық композициясы бұл кештің ерекшелігіне айналды. Спортсүйерлер үшін ҚР ҰҚК-нің кураторларымен бірге қызықты спорттық эстафета ұйымдастырылды. Отбасылық коттедждерде мерекелік дастархан жайылып, балалар бейресми жағдайда достық, мейірімділік, балалық шақ, туған өлке туралы өлеңдер оқып, «Менің Қазақстаным», «Жайна, Қазақстан», «Мейірімділік жолымен» алғыс өлеңдерін шырқады. Астаналық Балалар үйінің тәрбиеленушілері үшін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери оркестрінің өнер көрсетуі үлкен сыйлық болды. Офицерлер дефиле көрсетіп, балаларды қазақстандық және классикалық композиторлардың әуендерімен сүйсіндірді. Елорданың № 2 өнер мектебінің балалары да өз таланттарын ортаға салды. Аталмыш шара мерекелік би кешімен аяқталды.

Соңғы жаңалықтар