Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
Астана: 3 °С
Алматы: 5 °С
USD 326.00 EUR 382.20
RUB 5.29 CNY 51.05
Жаңалықтар

Астанада балалар үйіндегі өрт сөндірілді

2018 жылғы 15 ақпан 13:36 755
Бөлісіңіз:
Астанада балалар үйіндегі өрт сөндірілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада Сейфуллин көшесіндегі №1 балалар үйінің ғимаратында болған өрт сөндірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Павлодарда қатты жел өзенге құлатқан 11 жасар баланы құтқарды Ақмола облысында тағы бір жасөспірім жоғалып кетті

«15 ақпан күні 12:15-те балалар үйінің үш қабатты ғимаратында, алдын ала мәліметтер бойынша, үшінші қабаттағы қоймада өрт тұтанған. 12:43-те алау ауыздықталды. Шамамен 30 шаршы метр жерді жалын шарпыған», - делінген хабарламада.

Өрт сөндірушілер келгенше мекеменің әкімшілігі адамдарды эвакуациялаған. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
Өртті сөндіруге Астана өрт сөндіру қызметі жеке құрамының 40 қызметкері және 8 техникасы жұмылдырылған.


Бөлісіңіз:
Онлайн қызметкерлер
Редактор
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
Мұрағат