Астанада балалар арбасын ұрлайтын күдікті ұсталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Күдікті үйлердің кіреберісінде қалдырған балалар арбаларын ұрлап, кейін оларды арзан бағамен басқаларға сатқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық Полиция департаметіне сілтеме жасап.
«Жедел- іздестіру шарасы барысында елордалық полицейлер балалар арбасын ұрлаған күдіктіні ұстады. 24 жасар бұрын сотты болған қала тұрғыны үйлердің подъездерінде қалдырып кеткен арбаларды ұрлап, кейін төмен бағамен басқа үйдің тұрғындарына сатып жіберген. Тағы бір айта кетерлігі, сатып алушылар қымбат бала арбасын тым төмен бағаға ұсынған жігіттен күдіктенбестен сатып алған», - делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторына қамауға алынып, тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ, оның басқа да қылмыстарға қатысының бар-жоқтығы тексерілуде.
Осыған орай, Астана қаласының Полиция департаменті аталған күдіктіден зардап шеккен елорда тұрғындарынан (Бейбітшілік,19) мекенжайына немесе 8 (7172) 71-60-24; 71-61-07 байланыс телефонына, иә болмаса «102» хабарласуын сұрайды.
- Елордалық театр қазақстандықтарды 97 метр биіктіктен құттықтады
- Нұр-Сұлтанда «Денистің достары» мұз шоуы өтті
- Елордада Үш арысқа ескерткіш орнатылып, Жазушылар үйі ашылды
- Шымкенттік полицейлер Тәуелсіздік күні мерекесін атап өтті
-
Белгісіз елордалық қардан көгершін мүсіндерін жасап, тұрғындарды қуантуда
-
Мыңдаған елордалық жастар пәтер кілтін алды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам