Астанада балабақшалардағы бос орындардың тізімі жарияланды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Е.astana.kz">Е.astana.kz жүйесінде Астана қаласының мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы кезекті бос орындар тізімі жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жолдамалар тек кезек бойынша (соның ішінде жеңілдік санаты бар азаматтарды қоса алғанда) беріледі. Хабарлама алған ата-аналар үшін мектепке дейінгі ұйымды таңдауға 3 жұмыс күні бар. Содан кейін, 4-ші күннен бастап қалған орындар барлық кезекте тұрғандармен қатар, 3 күн басымдылық берілген кезектегілер үшін де қол жетімді болады.

«Бос орындардың саны бойынша, сондай-ақ ашық «қол жетімді орындардың» жариялануы туралы ақпаратты e.astana.kz жүйесінің «Статистика» бөлімінен қарауға болады. Назар аударыңыз: бірінші кезекте жүйедегі байланыс мәліметтерін тексеріп, баланың және заңды өкілдің қарым-қатынасын растау қажеттілігін ескертеміз. Екіншіден, барлығына «қол жетімді орындар» тек бос орындар бар болғанда ғана жарияланатын болады», - деп хабарлайды Астана қаласының білім басқармасынан.

Қосымша ақпарат келесі телефон нөмірлері арқылы қол жетімді: 55-68-64, 55-68-83, 55-68-74, 55-72-49, 55-68-92. 

Соңғы жаңалықтар