Астанада балабақша ұрылары пайда болды

None
None
ҚазАқпарат - Астана балабақшаларында өзін баланың көкесімін деп таныстыратын алаяқ «туыстар» пайда болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Астана қаласының ішкі істер депаратментіне сілтеме жасап.

«Қала тұрғынынан келіп түскен өтінім бойынша полицейлер күдіктіні анықтау мен ұстау бойынша жедел-іздестіру шараларын жүргізіп жатыр. Күдікті баланың туысымын деген желеумен Астана балабақшаларының біріне келіп, қызметкерлердің назарын аударған және олардың жеке заттарын жымқырып әкеткен», - деп хабарлады Астана ІІД баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, елордалық ІІД хабарлауынша мұндай жағдай 6 қыркүйек күні де Кенесары көшесінің бойындағы балабақшалардың бірінде орын алған. Онда да ұқсас белгілері бар ер адам балабақша қызметкерінің жеке заттарын ұрлап әкеткен. Аталған факт ұрлық бабы бойынша Сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай реестріне тіркелді. Тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

Полицияның пайымдауынша, екі оқиғаға да бір алаяқтың қатысы болуы мүмкін.

Одан бөлек, 7 қыркүйек күні де бейтаныс ер адам Астана балабақшаларының бірінен Лана есімді бүлдіршінді алып кетуге әрекеттенді. Оның әрекетінен күдіктенген балабақша қызметкері Лананың ата-анасынан түскен қоңырауды тексеру үшін ұялы телефонына кеткен. Бірақ, ата-анадан еш хабарлама алмаған тәрбиеші холлға қайтып келгенде, күмәнді ер адамды таппай қалған. ІІД баспасөз қызметі ата-ана шағымы бойынша тексеру жұмыстары жүріп жатқанын хабарлады.

 

Соңғы жаңалықтар