Астанада балабақша аумағында өрт шықты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін сағат 07.34-те Сарыарқа ауданы «Көктал-1» тұрғын үй алабында орналасқан «Балдәурен» мемлекеттік емес балабақшасы аумағында өрт шықты. Бұл туралы ҚазАқпаратқа ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі хабарлады. 

«Жеке тұрған асхана, қазандық және көмір сақтайтын қойманың төбесі жанған. Өрт 30 шаршы метр аумақты шарпыған. Ол сағат 07.51-те ауыздықталып, 08.15-те сөндірілді. Өрттің салдарынан 1973 жылғы балабақша шаруашылық жұмысшысы иіс тиіп уланып, ауруханаға түсті», - делінген ТЖД хабарламасында.

Өрт болған кезде балалар балабақша аумағында болмаған, деп нақтылады ТЖК баспасөз қызметі.

Жалынды сөндіруге 12 өрт сөндіруші мен 4 техника жұмылдырылды. Қазір сарапшылар оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. 

Соңғы жаңалықтар