Астанада балабақша ақысы көтерілуі мүмкін

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Елордада мемлекеттік балабақшаларға ата-ана төлейтін тамақ ақысын өсіру ұсынылды. Бағаны көтерудің себебін Астана қаласы білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазыев түсіндіріп берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Балабақшалардың ас мәзірі тамақтану институтымен бірлесе әзірленіп, бекітілген. Ол былтыр әзірленген. Осы орайда, мемлекеттік балабақшаларда ата-аналар төлейтін тамақ ақысын жекеменшік балабақшалармен теңестіріп, 20 800 теңгеге ұлғайту туралы ұсыныс бар. Статистикаға сүйенсек, қолданыстағы ас мәзірі бойынша 2-3 жастағы балаларға сатып алынатын азық-түлікке жұмсалатын қаражат – 18 837 теңге. Ал, 3-6 жастағы балалар тамағына 20 800 теңге жұмсалады. Дегенмен, мемлекеттік сатып алу порталында бағалар бұдан жоғары», - деді Қасымхан Сенғазыев елорда мәслихатының отырысында.

Білім басқармасы басшысының мәлімдеуінше, тамақ ақысы бойынша басқа өңірлермен салыстыру жүргізілген.

«Айтар болсақ, Алматыда 25 мың теңге, Қарағандыда 17 мың теңге, Ақтөбеде 16 800 теңге және Түркістан қаласында 13 633 теңге. Биыл қыркүйек айынан бастап біз мемлекеттік және жекеменшік балабақшаға баратын тұрмысы төмен отбасылардың балаларын тегін тамақпен қамтуымыз қажет», - дейді ол.

Айта кетсек, Астанадағы балабақша тәрбиешілерінің 32%-ында арнайы білім жоқ.


Соңғы жаңалықтар