Астанада БАҚ өкілдері арасында шағын футболдан С. Бердіқұлов атындағы турнир өтіп жатыр (ФОТО)

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін халықаралық спорт журналистері күні мерекесіне орай ҚР Мәдениет және спорт министірлігінің ұйымдастыруымен БАҚ өкілдері арасында шағын футболдан Сейдахмет Бердіқұловты еске алуға арналған турнир өтіп жатыр.

Турнирге «ҚазАқпарат» агенттігінің командасымен бірге «Астана» телеарнасы, «Әлжан», «Қазақстан Ұлттық арнасы», «Казконтент», «Қазмедиа», «Хабар Астана», «ПОЛК-ТВ», «ЮКО», «Алматы құрамасы», «Қызылжар», «24 КЗ», «Егемен Қазақстан» газеті, «Ассоциация», «National Geographic», «Хабар Алматы», «Евразия ТВ», «Қазақ радиосы», «KazSport» телеарнасынан құралған жалпы 19 команда қатысуда.

Естеріңізге сала кетейік, қазақ спорт журналистикасының көрнекті өкілі Сейдахмет Бердіқұловты еске алуға арналған шағын футбол турнирі жыл сайын журналистер арасында өтеді. Биыл осымен 19-ші рет өтіп жатқан бұл дүбірлі доданы ҚР Мәдениет және спорт министірлігі ұйымдастырып отыр.  Жеңімпаздар мен жүлдегерлер бүгін кеште анықталады.

Сейдахмет Бердіқұлов 1933 жылдың 9 мамырында Алматы облысы, Жамбыл ауданындағы Қарақастек қыстағында дүниеге келген. Қазақстандағы спорт жұлдыздарының табыстарын насихаттауға еңбек сіңірген. 1956 жылы ҚазМУ-дің журналистика факультетін бітірген. 1965 - 1970 жылдары «Қазақстан пионері» басылымының редакторы. 1970 - 1986 жылдары «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас алаш») газетінің редакторы, 1986 - 1994 жылдары «Жалын», «Балауса» баспаларының директоры болған. Шығармалары: «Сол орамал жоғалмайды» (1965), «Жүрек ұйықтауды білмейді» (1967), «Егеулі найза» (1969), «Жұмыр жерде теңбіл доп» (1969), «Аспаннан шұға жауған күн» (1975), «Мұңайып оянған қала» (1979), «№3 подъезд» (1980), «Пердесіз көңіл» (1983), «Арбаған мәні бір сиқыр» (1987).  

1 4 5 2 3 

Соңғы жаңалықтар