Астанада бағанасының түсі өзгеретін бағдаршам пайда болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін сақтауға бағытталған Smart-инфрақұрылымның бір жаңашылдығы елордада пилоттық режімді снақтан өткізілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Astana Innovations» компаниясының Фейсбуктегі парақшасына сілтеме жасап. 

Республика даңғылының бойынша «Есіл» сауда үйіне қарама-қарсы орнатылған бағдаршам пилоттық режімде жаңғыртылды. Енді оның бағанасы да бағдаршамның жанып тұрған түсіне орай жарық беріледі. 

Бұл - «Ақылды қала» стандартын қалыптастыру үшін қала әкімдігінің қызметінің бір бөлігі болып табылатын, қауіпсіз орта қалыптастыруға бағытталған бастама.  Осындай бағдаршам Киевте, Дубайда, Мәскеуде және әлемдіегі ірі қалаларда қолданылып келеді.
«Қазір елорда басшылығы қалада жол апатын азайту, көшелерді қауіпсіз етуді жүктеп отыр. Соның ішінде жаяу жүргінші өтпелері басты назарда.
Алдағы уақытта жүргізуші алыстан көзге түсетін әсіресе ала көлеңке уақытта анық байқалатын бағдаршамды басқа да шамдардың жарығымен шатастырмайды. Өйткені бағдаршамның жанып тұрған түсі ол ілінген бағананың бойында толық қайталанады. 
Бұл жүйе бағдаршамның жанып тұрған түсін дыбыстап тұратын көмекші құралмен жабдықталған, ол көзі көрмейтін жандарға көмекке келеді.
Бұл технология «ақылды қаланың» бір көрінісі, ол эстетикалық мәні бар және оның қаладағы қауіпсіздікті сақтауды қамтамасыз етудегі үлесі де айтарлықтай», - делінген хабарламада.

Жаңа кешенді тәжірибе жүзінде сынап көру мерзімі аяқталған соң оны бұдан әрі жетілдіру және жаңа технологиялар қолдана отырып реттелетін жүргінші өткелдеріне орнату мүмкіндігі қарастырылады. Әзірге екінші осындай бағдаршам Республика даңғылының бойындағы «Талисман» дүкенінің алдына орнатылмақ.

Соңғы жаңалықтар