Астанада Азаптауға қарсы ұлттық алдын алу тетігі Үйлестіру кеңесінің отырысы өтті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Асқар Шәкіровтің төрағалығымен Азаптауға қарсы ұлттық алдын алу тетігінің Үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы өтті. Онда Ұлттық алдын алу тетігі (ҰАТ) жұмысының ағымдағы кезеңін талдама, алдағы бағыттары анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Күн тәртібіне сәйкес 2016 жылғы алдын ала барулардың қорытындысына арналған Жинақталған баяндамада көрініс тапқан ұсынымдарды қызметтік органдардың орындауы туралы ақпарат қаралды. ҰАТ мандатпен басқарылатын мекемелерінде орналасқан тұлғалардың құқықтарын сақтау бойынша баяндаманың тиісті бөліктеріне жүргізілген талдамасы көрсетілді. Талқылау барысында Үйлестіру кеңесінің мүшелері бірқатар мемлекеттік органдар ғана сотталғандардың ұстау жағдайларын, медициналық қызмет көрсетілуін жақсартуға бағытталған ұсынымдарды лайықты түрде орындайтындығына назар аударды. Бұл ретте ҰАТ және мемлекеттік органдардың орталық және жергілікті деңгейде мекеме әкімшіліктері арасындағы өзара ықпалдасуының тиімділігін одан әрі арттырудың, сондай-ақ Үйлестіру кеңесінің ұсынымдарын орындау бағытында жаңа тетіктер қарастырудың маңыздылығы атап өтілді. Осыған байланысты, жекелеген ведомстволардың ұсынымдарды тиісті деңгейде орындауы үшін Үкімет басшылығына жүгіну туралы шешім қабылданды.

«Сондай-ақ, мандатпен басқарылатын мекемелерге арнайы бару нәтижелері де қаралды. Атап айтқанда, Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ЕС-164/4 мекемесінде болған оқиғаны қарастыруға ерекше назар аударылды. Адам құқықтары жөнідегі уәкілдің атына жоғарыда аталған мекемеде жазасын өтеп жатқан Вадим Курамшиннің мүддесіне қатысты СҚО бойынша ҰАТ қызметкерлері тобының алдын ала баруларды жүзеге асыру барысында заңсыз әрекеттері туралы бірнеше арызы келіп түскен болатын. Болған жағдайға мониторинг жүргізу мақсатында аталмыш топпен жоғарыда көрсетілген мекемеге арнайы бару ұйымдастырылды. Оның қорытындысы бойынша сотталғандарға азаптау және қатыгез қарым-қатынас фактілері айқындалып, Адам құқықтары жөніндегі уәкіл атына, сондай-ақ әрекет ету шараларын қабылдау үшін прокуратура органдарына жіберілді», - делінген баспасөз баянында.

Сонымен қатар, БАҚ-та жарияланған В. Курамшинге қатысты орын алған азаптау жөніндегі, соның ішінде, оның берген түсініктемесі негізінде де мәлімдеме өз дәлелін таппаған. Аталмыш оқиғаны Үйлестіру кеңесінің мүшелері қарап, СҚО бойынша ҰАТ өңірлік тобы азаптау фактілерін айқындау және қажетті жедел шаралар қабылдау бойынша жүйелі жұмыс атқарғаны туралы қорытынды жасады.

Осыған орай кеңеске қатысушылар ҰАТ жұмысының тиімділігін қамтамасыз ету мақсатында оның мәнін бұрмалаудың түрлі әрекеттерін тоқтату туралы пікір айтты. Талқылау қорытындысы бойынша Үйлестіру кеңесі тиісті шешімдер қабылдады.

Соңғы жаңалықтар