Астанада Азаматтық форум өтіп жатыр

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордада ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында айтылған әлеуметтік бастамаларды іске асыру аясында тиімді ынтымақтастықты жасау бағыттарына арналған «Азаматтық қоғам және мемлекет» атты қалалық форум өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Осымен сегізінші рет ұйымдастырылып отырған алқалы жиында мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдар үшін тиімді сұхбат алаңы және азаматтық секторды дамытудың өзекті мәселелері талқылануда.

Қазіргі заманғы әлемдік дамудың басты бағыттарының бірі - әлеуметтік-экономикалық саяси дамудың әртүрлі деңгейінде үкіметтік емес ұйымдар рөлінің өсуі. null 

«Осыдан 15 жыл бұрын Қазақстанның азаматтық альянсының бастамасымен елімізде алғаш рет үкіметтік емес ұйымдар өз жұмысын бастаған болатын. Астананы өз кезегінде үкіметтік емес секторлардың басты орталығы деуге болады. Елімізде және Астанада жүзеге асырылып жатқан маңызды жобалардың бәрі ҮЕҰ қатысуымен өтеді. Форум барысында аталған салаға қатысты жағымды жаңалықпен бөліскім келіп отыр, Астанада азаматтық бастамалар орталығының құрылысы басталды. Одан бөлек әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытуға арналған бірқатар жобалар қолға алынуда. Осы бағытта арнайы сала мамандарын шақырып коучер оқыту көзделуде. Сол сияқты еліміздің барлық өңірлері бойынша әлеуметтік жобалардың карталары жасалады», - деді ҚР Қоғамдық даму министрі Дархан Кәлетаев.null  

Министр өз сөзінде осы жылдың 27-28 қарашасында Елбасының қатысуымен Республикалық азаматтық форум өтетінін айтып өтті. 

 «Бүгінде ҮЕҰ азаматтық қоғамдағы маңызды жұмыстарды атқарушы ғана емес, мемлекеттік әлеуметтік жобаларды жүзеге асырудағы сенімді серігіне айналды. Бүгінде Астана әкімдігі мен 30-дан астам ҮЕҰ бірлесіп 464 миллион теңгеге 66 әлеуметтік маңызы бар жобаларды жүзеге асырды. Бұдан бөлек мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруда ҮЕҰ  қоғамдық пікірді ескере отырып жұмыс істеу мүмкіндігін туғызады. Сондықтан бүгінгі форумда біз қоғамды дамытуға бағытталған әрбір жоба мен басқа да шешілмей жатқан мәселелерді көтеріп, бірлесіп қарастыратын боламыз», - деді Астан қаласының әкімі Бақыт Сұлтанов.null 

Оның айтуынша, қалалық азаматтық форум шеңберінде үкіметтік емес ұйымдарды Астана аумағындағы нақты мәселені шешуге ұйымдастыру туралы бастама талқыланады.

Форум барысында ҮЕҰ сұхбат алаңында Астана қаласының әкімдігінің кестесіне сәйкес 4 секциялық іс-шара өткізіледі, азаматтық қоғам алдында тұрған мәселелерді шешу жолдары анықталып, ұсыныстар әзірленеді.null  

Бұдан бөлек форум барысында әлеуметтік идеялар мен жобалардың жәрмеңкесі ҮЕҰ арқылы Астана қаласында өткізген ҮЕҰ ең үздік 10 әлеуметтік жобасы таңдалып, марапатталады. 

Соңғы жаңалықтар