Астанада «Айгөлек» балалар телебайқауының ақтық кезеңі басталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында «Айгөлек» балалар телевизиялық байқауының 6-шы кезеңінің ақтық бөлімі басталды.

Республикалық маңызы бар аталған мәдени шараға Қазақстанның барлық аймақтарынан келіп, алдағы кезеңдердің қорытындылары бойынша ақтық кезеңге шыққан ең дарынды әрі талантты деген 23 бала қатысуда.

Байқауды Ақжан Құрманбай мен оның тәлімгері, танымал әнші Қарақат Әбілдина «Айгөлектің» өткен 5-ші маусымында енгізілген «Дәстүрлі әндер» аталымымен ашты. Бұл ретте «Дәстүрлі әндерге» ән айту мектебінің төрт бағыты кіреді: «Батыс», «Арқа», «Сыр», «Жетісу», олардың әрқайсысының өз ерекшілігі бар.

6-шы маусымның ақтық кезеңінде жеңіске жетіп, жүлделі болғандар Италия, Македония және Еуропаның басқа елдеріндегі халықаралық ән байқауларына жолдамалар алып, сондай-ақ бағалы сыйлықтарға ие болады.

Соңғы жаңалықтар