Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 386.34 EUR 427.25
RUB 5.88 CNY 54.57
Jańalyqtar

Астанада әйгілі «Beatles» тобының үздік әндері шырқалады

2019 жылғы 1 ақпан 06:23 1537
Бөлісіңіз:
Астанада әйгілі «Beatles» тобының үздік әндері шырқалады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін елордадағы «Qazaqstan» орталық концерт залында «Британдық кеш Астанада» атты концерт өтеді. Бұл кеште аты аңызға айналған әйгілі «Beatles» тобының репертуарындағы ең үздік хиттері орындалады, деп хабарлайды «Қазақконцерт» МКҰ» РМҚК баспасөз қызметі.

Концертте «Солистер академиясы» мемлекеттік оркестрі мен талантты хормейстер Батыржан Смаковтың жетекшілігімен ҚазҰӨУ хоры, көркемдік жетекшісі Әділжан Толукпаев болып табылатын «Saz&soul» тобы өнер көрсетеді. Танымал әнші Рүстем Жүгінісов, «Қазақстан дауысы» телевизиялық жобасының грандфиналисі Ербол Тәжібаев атақты рок топтың әуендерін шырқайды.

Сонымен қатар республикалық байқаулардың лауреаты Айна Қалмағанбетова, халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаты, «Қазақстан дауысы» телевизиялық жобасының финалисі Салтанат Меңдығалиева өз өнерлерін көрсетеді.

Эксклюзивті бұл музыкалық кеште «Х фактор», «Қазақстан дауысы» тележобаларының, «Новая волна» халықаралық байқауының финалисі Гүлнар Көшенова ән салады. Одан бөлек, атақты «Ағайынды Жүгінісовтер» музыкалық тобы сахнаға шығады. 

Дирижерлық тұғырда атақты мальталық дирижер, Еуропалық мәдениет қолдау қорының арт-директоры, симфониялық оркестрге арналған «Битлздің» барлық хит әндері жинақталған бағдарламаның иегері Алан Киркоп болады. 

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Нұр-Сұлтан, Мәдениет,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT