Астанада әйелдерді тонап келген түнгі қарақшылар тобы ұсталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елорда полициясы әйелдерді тонаумен айналысатын 4 адамнан тұратын топты құрықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«19 қаңтарда әйелдерге күш көрсетіп, олардың сөмкелерін тартып алған 4 адамнан тұратын қылмыстық топ ұсталды. 18 қаңтарда Астана тұрғыны сағат 21.00-де, сауда-ойын сауық орталығының жанында белгісіз біреулер күш көрсетіп сөмкесін тартып алғаны жөнінде хабарласқан болатын. Жедел іздестіру барысында көп ұзамай 4 күдікті қолға түсіп, уақытша қамау изоляторына қамалды. Заттай айғақтар қаскөйлердің уақытша тұрып жатқан жерінен тәркіленді», - делінген Астана қаласы полиция департаментінің хабарламасында.

Қазіргі уақытта тонау фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүріп жатыр. Сонымен қатар, ұсталғандарды басқа да осыған ұқсас қылмысқа қатысы бар-жоқтығы тексерілуде.null

Астананың полиция департаменті егер ұсталғандардың қылмыстық әрекеттерінен зардап шеккен азаматтар болса, департаментке (Бейбітшілік, 19) немесе мына телефондарға: 8 (7172) 71-61-51; 8-777-303-36-07 , «102» хабарласуды сұрайды.

Еске сала кетейік, біз бұған дейін Астанада әйелдің сөмкесін тартып алмақ болып, соққыға жыққан азаматтың іздестіріліп жатқанын хабарлаған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар