Астанада аялдаманы соққан жүргізуші 2 млн теңге төлейтін болды

2018 жылғы 6 сәуір, 09:24
Астанада аялдаманы соққан жүргізуші 2 млн теңге төлейтін болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада аялдаманы соққан көлік жүргізушісіне 2 млн теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат елордалық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Mitsubishi жүргізушісі рульге ие бола алмай қалып, елордалық компаниялардың біріне тиесілі аялдама кешеніне барып соғылған. Ер адам ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 610-бабының 1-бөлігіне сәйкес әкімшілік жауапқа тартылып, айыпты деп танылды», - делінген хабарламада.

Жылжымайтын меншікті жөндеуге кеткен қаражат 1 921 795 теңгені құраған. Астана қаласы Сарыарқа аудандық соты осы материалдық шығынды жүргізушіден өндіруге шешім шығарды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Теги:
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar