Астанада автопарктердің 7 лауазымды тұлғасы жауапкершілікке тартылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қалалық ішкі істер департаменті ағымдағы жылдың 28-30 шілде күндері аралығында елорда аумағында «Автобус» жедел-алдын алу шарасын өткізіп жатыр.

«Полицияның 800-ден астам қызметкері көліктік бақылау органдары қызметкерлерін тартып жолаушыларды тасымалдауға арналған қоғамдық көлік жүргізушілерінің тарапынан жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзушылықтарын анықтау, автобустардың техникалық жағдайын тексеру бойынша рейдтік шараларды жүргізуде, автобустарды норматив пен стандарттар талаптарын бұзу арқылы жүргізу және пайдалану фактілерін анықтап, жүргізушілердің еңбек және демалыс режимін, сондай-ақ жолаушыларды тасымалдаудың орнатылған нормаларын сақтауын тексеріп жатыр», - делінген ІІД-нің хабарламасында.

Осылайша, екі күннің ішінде астаналық полицейлер жолаушыларды заңсыз тасымалдаудың 463 фактісін, автобус жүргізушілерінің жасаған 265 бұзушылығын, соның ішінде көліктік құралды басқару кезінде ұялы телефонды қолданудың 29 фактісін, маневр жасау ережелерін бұзудың 19 фактісі, жаяу жүргіншілерге жол бермеудің 2 фактісін, орнатылған жылдамдықты асырудың 4 фактісін, еңбек және демалыс режимін бұзудың 1 фактісін, мемлекеттік немесе техникалық бақылаудан өтпеу бойынша 10 фактіні анықтаған. Автобус парктерінің 7 лауазымды тұлғасы жауапкершілікке тартылды.

Соңғы жаңалықтар