Астанада автопарктердің 11 лауазымды тұлғасы әкімшілік жауапқа тартылды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 16-23 қыркүйек аралығында Астана қаласының полицейлері қоғамдық көлік жүргізушілері арасында көлік тәртібін арттыру және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында «Автобус» жедел-алдын алу іс-шарасын өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Астана қалалық Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, жедел алдын алу шарасы басталғаннан бері жолаушы тасымалдаушыларының 600-ге жуық жол ережесін бұзғаны анықталды. Оның ішінде, көлікті заңсыз қайта жабдықтаудың 3 фактісі, жолаушыларды заңсыз тасымалдаудың 17 фактісі, басқару кезінде ұялы телефон пайдаланған 20 жүргізуші және маневр жасау ережелерін бұзудың 27 фактісі анықталды.

Полицейлер ақауы бар, сондай-ақ заңсыз қайта жабдықталған автокөлікті пайдалануға тыйым салынғанын еске салады. Рейд барысында 15 автокөліктен мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілері алынды, мамандандырылған коммуналдық тұраққа 21 ақауы бар және қайта жабдықталған көлік орналастырылды.

Жедел алдын алу іс-шарасы барысында автобус парктері мен автовокзалдар тексеріледі. 400-ден астам рейстік автобустар тексерілді, онда отын беру жүйелері, электр жабдықтарының құрылғылары мен пайдаланылуы және өрт сөндіру құралдарының болуы назарғ алынады.

«Техникалық ақауы бар маршруттық автобустарды пайдалануға бергені үшін автопарктердің 11 лауазымды тұлғасы әкімшілік жауапқа тартылды. Сондай-ақ, таксомоторлық кәсіпорындардың 7 лауазымды тұлғасы рейс алдындағы және міндетті медициналық тексеруден өткізбей такси автокөліктерін шығарғаны үшін ҚР ӘҚБК 590-бабының 8-бөлігі бойынша жауапқа тартылды»,-делінген хабарламада.


Соңғы жаңалықтар