Астанада автомобиль өзенге құлап кетті

2017 жылғы 5 шілде, 09:27
Астанада автомобиль өзенге құлап кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Chevrolet aveo» автомобилі Тұран көшесіндегі көпірден құлап кетті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«3 шілде күні сағат 02.00-де Тұран көшесіндегі көпірдің астында «Chevrolet aveo» маркалы автомашинаның жүргізушісі рулге ие бола алмай, өзенге құлап кетті. Зардап шегушілер жоқ», - деп хабарлады Астана қалалық ІІД баспасөз қызметінің басшысы Софья Қылышбекова.

Оның ақпараты бойынша, көлік арнайы техниканың көмегімен өзеннен шығарылған. «Жүргізушіге қатысты әкімшілік материал толтырылды», - деді Софья Қылышбекова.

Теги:
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar