Астанада автобуста бұрышты газ баллонын шашқан күдікті ұсталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Полицейлер астанадағы жолаушылар автобусында бұрышты газ баллонын шашып, төбелес шығарды деген күдіктіні ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жедел іздестіру шараларының нәтижесінде 33 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды. Бұзақылық бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүріп жатыр.

Еске сала кетейік, оқыс оқиға 15 тамыз күні 10:00 шамасында №9 автобуста болған.

Белгісіз ер адам автобус салонында біреумен төбелесіп қалып, бетіне газ баллонын шашып жіберген. Ал автобустан шыққаннан кейін ер адам қарсыласын бетінен бір теуіп, сол жерден қашып кеткен.


Полицияға жүгінген жәбірленуші – 30 жастағы қала тұрғыны.

Соңғы жаңалықтар