Астанада автобуспен соқтығысқан жеңіл автокөлік жүргіншіні қағып кетті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада Сарыарқа даңғылы бойында автобуспен соқтығысқан жеңіл автокөлік жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«14 шілдеде сағат 14:26-да Сарыарқа даңғылы мен Ә.Жангелдин көшесінің қиылысында жеңіл автокөлік бұрылып жатып, қарама қарсы келе жатқан №46 автобуспен қақтығысты», - деп мәлім етті «Астана LRT» ЖШС баспасөз қызметі.

Соққы салдарынан жеңіл автокөлік тротуарға шығып кетіп, жаяу жүргіншіні қаққан. Жол-көлік оқиғасынан жаяу жүргінші зардап шекпеген, оқиға орнынан белгісіз бағытқа кетіп қалған. Дегенмен жеңіл соққыдан есеңгіреген автокөлік жүргізушісіне дәрігер көмегі қажет болған, бірақ ол ауруханаға жатудан бас тартқан.

Жол-көлік оқиғасы орнына келген ІІД-нің жергілікті полиция қызметкерлері жеңіл автокөлік жүргізушісіне қатысты әкімшілік хаттама толтырды. 

Соңғы жаңалықтар