Астанада автобус оқушы қызды қағып, мерт қылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін елордада қайғылы оқиға орын алды. Жолаушылар автобусы мектеп оқушысын қағып, мерт қылды. Бұл ақпаратты Астана қалалық ІІД баспасөз қызметі растады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«23 қазан күні шамамен сағат 14-10-та Кенесары көшесінде орын алған жол-көлік оқиғасы бойынша ҚР ҚК 345-бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Қажетті сараптамалар тағайындалды», - деп атап өтті ведомствоның баспасөз қызметінен.

Берілген ақпаратқа сәйкес, №40 бағдар автобусының жүргізушісі Кенесары көшесімен келе жатып, жолды рұқсат етілмеген жерден кесіп өтпекші болған жаяу жүргіншіні қаққан.

«Жол оқиғасы салдарынан 2003 жылы дүниеге келген кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірім қыз сол жерде қаза тапты», - делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар