Jańalyqtar
Астанада автобус оқушы қызды қағып, мерт қылды
2018 жылғы 23 қазан 16:10
Бөлісіңіз:

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін елордада қайғылы оқиға орын алды. Жолаушылар автобусы мектеп оқушысын қағып, мерт қылды. Бұл ақпаратты Астана қалалық ІІД баспасөз қызметі растады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«23 қазан күні шамамен сағат 14-10-та Кенесары көшесінде орын алған жол-көлік оқиғасы бойынша ҚР ҚК 345-бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Қажетті сараптамалар тағайындалды», - деп атап өтті ведомствоның баспасөз қызметінен.
Берілген ақпаратқа сәйкес, №40 бағдар автобусының жүргізушісі Кенесары көшесімен келе жатып, жолды рұқсат етілмеген жерден кесіп өтпекші болған жаяу жүргіншіні қаққан.
«Жол оқиғасы салдарынан 2003 жылы дүниеге келген кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірім қыз сол жерде қаза тапты», - делінген хабарламада.
Пікір қалдыру
Сондай-ақ... оқыңыз
- Шығыс Қазақстанда боранға байланысты жол жабылды
- Алматыда эпидемиологиялық жағдай күрделі күйінде қалып отыр
- Алматы облыстық сотының ғимараты карантинге жабылды
- Мадридте жарылыстан қаза тапқандар арасында қазақстандықтардың бар-жоғын анықтап жатырмыз - СІМ
-
Мадридте алапат жарылыс болып, 2 адам қаза тапты
-
Рудныйда ойын клубы карантинге қарамастан жұмыс істеп тұрған
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам
ONLAIN QYZMETKERLER