Астанада ауыз су түсінің өзгеретіні туралы ескерту жасалды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – 8 сәуірде «Астана-Теплотранзит» компаниясы бояғыш арқылы құбырлар, су жылытқыштар мен жылу желілеріне тексеру жүргізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жылу желісіне суды жасыл түске бояйтын органикалық натрий флуоресцеин қолданылады. Бұл құбырлардағы білінбейтін ақаулар, су жылытқыштардағы бекіту арматурасы мен тұтынушылар жылу желілерінің тығыз болмауынан желін судың ағуын анықтау үшін жасалады.

Сондай-ақ, Астана әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, бұл іс-шара желідегі судың өндірістік және тұрмыстық қажеттіліктерге ұрлануын анықтауға мүмкіндік береді.

Осы орайда, елорда тұрғындарынан құбыр суының түсі өзгерген жағдайда «Ikomek 109» қызметіне қоңырау шалу сұралады.

Айта кетейік, жуырда ғана елордада су тәуліктің әр уақытында әртүрлі қысыммен берілетіні хабарланған еді.


Соңғы жаңалықтар