Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 379.29 EUR 426.40
RUB 5.93 CNY 56.58
Jańalyqtar

Астанада ауыр жарақат алған бес жасар қыздың жағдайына байланысты туысы пікір білдірді

2018 жылғы 27 наурыз 16:52 161
Бөлісіңіз:
Астанада ауыр жарақат алған бес жасар қыздың жағдайына байланысты туысы пікір білдірді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордада ауыр жарақатқа байланысты ауруханада ем қабылдаған бес жасар қызды Алматыда тұратын анасының әпкесі алып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Ұқсас жаңалықтар
Қарағандыда құлаған жеңілмоторлы ұшақта қаза болғандардың есімдері анықталды Ақмола облысында 3 адам жертөледе улы газдан көз жұмды

«Бала бізбен бірге Алматыда тұрады. Біздегі жағдай жақсы және бүлдіршінді барлық қажеттіліктермен қамтамасыз ете аламыз. Балаларымыз есейіп кеткен, сондықтан баланың жағдайын толықтай жасауға қауқарлымыз», - деді баланың Ақмарал есімді туысқаны.

Белгілі болғандай, бес жасар қыздың анасы мен нағашысы Ақмаралдың жақын туыстары. Осы орайда ол қыздың нағашысы баланы соққыға жықты деген қауесетке сенбейтінін атап өтті.

«Оның (қыздың нағашысы) отбасында қандай да бір қиындықтар болған емес. Сонымен қатар бұл оқиғаға байланысты нақты ештеңе айта алмаймын. Алайда інім осындай қатыгездікке бармайтынын сеніммен айта аламын. Себебі оны өзім тәрбилеп өсіргенмін, яғни кішкентайынан жақсы білемін. Сондықтан ол ондайға бармайды», - деді Ақмарал.

Осы орайда Ақмарал аталған оқиғаны талқылау кезінде туысқан інісіне қатысты айыптаулар мүлдем орынсыз екенін атап өтті.

«Бастапқыда болған жайтты туыстардан білдім. Баланың анасына қатысты тиісті жағдай туындағандықтан, алғашында бүлдіршінді өзіміздің тәрбиемізге алғымыз келген еді. Баланың анасына қатысты тергеу жүріп жатты және оны босатады деген үміт болды. Сондықтан біз соңына дейін күттік. Кейін осы жағымсыз жағдай болды», - деп қосты ол.

Айта кетейік, Астанада денедегі соққы іздерінен кейін ем қабылдаған бес жасар қыз бүгін ауруханадан шықты. 

Мамандардың тексеруі кезінде баланың бас миында өткір субдуралдық қанды ісіктің бары анықталды. Бұдан кейін бала нейрохирургия бөлімшесіне ауыстырылып, оған ота жасалды.

Естеріңізде болса, 3 наурызда Қуат Ахметжанов Қазақстандағы Бала құқықтары жөнінде уәкілдің Фейсбуктегі парақшасында WhattsApp мессенджерінен келген кішкентай қыз туралы хабарлама мен оның фотосуретін жариялады. Ол денедегі соққы іздерімен қалалық №2 балалар ауруханасына түскен.

Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл, Парламент депутаты Зағипа Балиева бес жасар қыздың тағдырын өз бақылауына алды. Сонымен қатар ол баланың диваннан құлап, осындай жарақат алғандығы туралы себепке күмәнмен қарайтынын айтқан болатын.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Нұр-Сұлтан, Оқиға,
Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
MURAǴAT