Астанада Ауғанстан мәселесі жөніндегі Халықаралық байланыс тобының отырысы өтуде

None
None
ТАНА. 15 қараша. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Бүгін Астанада Ауғанстан мәселесі бойынша Халықаралық байланыс тобының отырысы өтуде.

Естеріңізге сала кетейік, аталмыш Халықаралық байланыс тобы 2009 жылы АҚШ-тың Ауғанстан мен Пәкістан мәселелері жөніндегі бұрынғы Арнаулы өкілі Р. Холбруктың бастамасы бойынша құрылған болатын.

Топтың құрамына 50-ден астам мемлекеттің өкілдері кіреді және бұның ішінде 15 мемлекеттің халқының басым бөлігі мұсылман елдері болып табылады. Ал Халықаралық байланыс тобының төрағасы Ауғанстан мен Пәкістан бойынша ГФР Арнаулы өкілі, Елші Михаэль Штайнер болып отыр. Топтың негізгі мақсаты Ауғанстан Ислам Республикасының тұрақтылығы мен ұзақ мерзімді даму мәселелерінде бірлескен қадамдарды әзірлеу бойынша халықаралық консенсусты қамтамасыз ету болып табылады.

«Қазіргі таңда халықаралық қауымдастық Ауғанстандағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелерінде одан әрі өзара байланысты тереңдету туралы маңызды шешімдерді қабылдаудың табалдырығында тұр. Бұдан бөлек, қауымдастық Ауғанстан төңірегіндегі ынтымақтастықтың формаларына ізденіп, осы елді халықаралық жобаларға қатыстыру үшін ұмтылыс үстінде. Осыған орай, бүгінгі Астанадағы отырыста халықаралық қауымдастықтың түрлі өкілдері кең ауқымда қатысып отыр. Сондықтан да, бұндай форматта өзара тиімді шешімдерге қол жеткізілетініне сенім мол», - деді жиынға қатысқан Сыртқы істер министрі Ержан Қазыханов.

Тоқтала кететін жайт, осыған дейін Халықаралық байланыс тобының 11 отырысы өткен болатын (Мюнхен, Токио, Ыстамбұл, Триест, Париж, Нью-Йорк, Әбу-Дәби, Мадрид, Рим, Джидда, Кабул). Осыған орай, Ауғанстан мәселелері жөніндегі Бонн конференциясының қарсаңында Астанада өтіп жатқан отырыс негізінен Ауғанстанды жаңғыртуға қатысты халықаралық қауымдастықтың 10 жылдық шараларын қорытындылауға бағытталған. Мамандардың айтуынша, Астана отырысы 5 желтоқсанда Германияның Бонн қаласында өтетін конференцияның нәтижелі болуына жақсы негіз қалыптастырады.

Соңғы жаңалықтар