Астанада әуе таксиінің көмегімен фото, бейнетүсірілім жасауға болады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстанда өткен жылдың қыркүйегінде пайда болған «Әуе таксиінде» фото, бейнетүсірілім жасауға болады. Бұл туралы Astana Business Aviation компаниясының басшысы Қайсар Шыныбаев айтты.

Әуе таксиі ашылғалы бері 10 рейс жасалды. Жолаушылар көбіне Астанадан Бурабай, Қарағанды, Көкшетау, Қостанай қалалары бағытында ұшып барған.

Тікұшақтар 600 шақырымға дейін қашықтықта қызмет етеді.

Қазір авиапаркте Қазақстанда құралған 16 еврокоптер, 7 ресейлік МИ-8, Robinson маркалі американ тікұшағы бар.

«Әуе таксиіне 24 сағат бұрын тапсырыс беру керек. Шұғыл ұшулар да тіркеледі. Ұшудың бір сағаты 300 мыңнан 800 мың теңгеге дейінгі аралықта. Ұшу биіктігінің төмендігі мен жылдамдықтың аздығына байланысты тікұшақта отырып пейзажды фото, бейнетүсірілмге түсіруге болады», - деді ол.

Қазір компанияда жұмыс жасап отырған ұшқыштардың барлығы Қазақстан азаматтары.

Astana Business Aviation компаниясының басшысы Қайсар Шыныбаевтың айтуынша, жақын арада әуе таксиінің жүргізушілерін үйрететін оқыту орталығын ашу жоспарланып отыр.

Соңғы жаңалықтар