Астанада ауа райына байланысты республикалық трасса жабылды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Күн райының бұзылуына байланысты Астана қаласының аумағымен өтетін республикалық маңызы бар трассада қозғалыс тоқтатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«3 қаңтар сағат 08.00-ден бастап ауа райының нашарлауынан (желдің күшеюі, боран, жолдың дұрыс көрінбеуі) республикалық маңызы бар «Екатеринбург - Алматы» автожолының (1003 – 1247 км аралығы) «Астана қаласы – Атбасар қаласы» учаскесі көліктің барлық түрлері үшін жабылды», - делінген 109 IKomek қызметінің хабарламасында.

Еске салайық, кеше кешке Ақмола, Ақтөбе, Қостанай және Қызылорда облыстарындағы бірқатар автожолда көлік қозғалысына тыйым салынған болатын.

Синоптиктер 3 қаңтар күні 13 өңірде ауа райы бұзылатыны жөнінде ескерту жариялады.

Соңғы жаңалықтар