Астанада әткеншек-шырша орнатылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Аталған шырша Достық көшесі бойындағы ашық алаңда орнатылды, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әткеншек-шырша жаңадан ашылатын мұз айдынына кіреберісінде тұр. Құрылысшылардың айтуынша, шырша айналып тұрады. Ал оның астында адамдар отыратын арнайы әткеншек бар. Жаңа жылдық ойыншық үлгісінде жасалған екі капсулаға отырып, шыршамен бірге айналуға болады.
null null 

Айта кетейік, биыл Астана аумағында ашық аспан астындағы үш мұз айдыны ашылады деген ақпарат болған. Олар ЭКСПО аймағында, Ақбұлақ өзенінде және Астана әкімдігінің алдында орналасқан. Достық көшесіндегі мұз айдыны - төртінші нысан.
 null 

null 

Соңғы жаңалықтар