Астанада асықтың мергендері анықталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында өткізілген 9-шы «Алтын сақа» халықаралық турнирі өзінің мәресіне жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

2017 жылдың 2-4 шілде күндері Астана қаласының «Сарыарқа» велотрегінде асық атудан «Алтын сақа» халықаралық турнирі өткізілді. Жыл сайын дәстүрлі өтіп келе жатқан жарысқа Қырғызстан, Моңғолия және Қытай спортшылары келді. Сонымен қатар Алматы, Астана қалалары мен Ақмола, Қостанай, Қарағанды, ШҚО, ОҚО және Жамбыл облыстарының құрама командалары қатысты.

Жарыстың ашылу салтанатында Қырғызстан Республикасының "Айкур" федерациясының вице-президенті  Қожекеев Ескендір сөз алып, асық ойынының тәрибелік мәніне тоқталды.

null

«Біз қазақ-қырғыз ежелден ағайын халықпыз. Асық адамды ептілікке, мергендікке, дәлдікке үйретеді. Біз ұлттық ойындарымызды кейінгі ұрпақ арасында үнемі дәріптеуіміз керек», -  деді ол.

Турнирде ерлер арасында 13 команда, қыздар арасында 8 команда бақ сынасты.

Үш күнге созылған бәсекеде ерлер арасында «Қазақстан» командасы бірінші, Қырғызстан екінші орынды жеңіп алды. Ал үшінші орынды Жамбыл облысы алды. Қыздар арасында өткен «Бес тас» сайысында жүлделі орындарды Қостанай, Астана және астаналық «Жігер» құрама командалары өзара бөлісті.

«Асық ату» көшпенді халықтардың ежелгі ғасырлардан келе жатқан ойыны. Ойын ережесі бойынша, қой немесе ешкінің асықтары пайдаланылады.

Айта кетейік, «Алтын сақа» халықаралық турнирі жыл сайын дәстүрлі түрде Астана күні қарсаңында өткізіліп келе жатыр.

null

Соңғы жаңалықтар