Астанада әскерилендірілген апаттық-құтқару қызметінің бұрынғы басшысы сотталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Кәсіби әскерилендірілген апаттық-құтқару қызметі» РМК бас директоры Болат Халық 7 жыл және 6 айға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Астана қаласы Алматы ауданы №2 сотының баспасөз қызметі хабарлағандай, үкім 11 маусым күні шыққан.

«Болат Халық ҚР Қылмыстық Кодексінің 189-бабы, 4,5 бөлімдері, 2 пунктінде және 366-бабы 3-бөлімі, 1,4 пункттерінде көрсетілген құқықбұзушылықтарды жасауда айыпты деп танылды. Сот кесімді түрде 7 жыл және 6 айға бас бостандығынан айыру түрінде жаза тағайындады», - делінген баспасөз қызметі жіберген хабарламада.

Сондай-ақ, сот шешімімен Болат Халық мемлекеттік қызметте лауазымды орындарға тағайындала алмайды.

Еске сала кетсек, өткен жылдың мамыр айында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Астана қаласы бойынша департаменті Болат Халықты 70 мың АҚШ доллары сомасында кезекті пара алу барысында ұстады. Оның тұрғылықты мекенжайын тінту барысында 300 мың АҚШ доллары мен 6 млн теңге табылды.

Соңғы жаңалықтар