Астанада әскери қызметшілер өртенген пәтерден ер адамды құтқарды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордада Ұлттық гвардияның 3660-шы Әскери бөлімшесінің әскери қызметшілері - сержант Айзат Дүйсекеев пен қатардағы әскер Александр Сущик өртке оранған пәтерден ер адамды құтқарып алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Ұлттық гвардиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Кеше кешкісін Астанадағы Бейбітшілік пен Молдағұлова көшелерінің қиылысында сержант Айзат Дүйсекеев пен қатардағы әскер Александр Сущикке әйел адам көмек сұрай жүгініп, егде жастағы ер адам түтінге оранған пәтерде қалып қойғанын айтады. Ұлттық гвардияның 3660-шы Әскери бөлімшесінің әскери қызметшілері әйел бағыт сілтеген жаққа шапшаң аттанған», - деп мәлімдеді баспасөз қызметі.

Үйдің кіреберісі де иіс газына оранып үлгерген. Пәтерге кірген гвардияшылдар қою қара түтіннің арасынан ер адамды алып шығады. Артынша, үйдің басқа тұрғындарын да эвакуациялайды.

Олар өрт сөндіру қызметі мен жедел медициналық жәрдем келгенше тұрғындарға көмек көрсеткен.

Соңғы жаңалықтар