Астанада ашық аспан астында мерекелік концерт өтіп жатыр

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Елордада 7 мамыр Отан қорғаушы және 9 мамыр Жеңіс күніне орай мерекелік концерт өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мәдени шара EXPO аумағында ашық аспан астында өтуде. ұйымдастырушы - Әзірбайжан Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театры.

«Мерекелерге орай біздің театр елорда тұрғындары мен қала қонақтарына арнап мерекелік концерт өткізіп жатыр. Көрермендердің назарына ән, би және біздің репертуарымыздағы «Қош махаббат» қойылымынан үзінді көрсетіледі. Сонымен қатар әртістер Абай туралы шағым сахналық қойылым ұсынады. Жалпы 7 мамыр және 9 мамыр мерекелеріне орай жыл сайын концерт ұйымдастырылады. Концертпен қатар қазір театрда ертеңгі қойылымға дайындық жүріп жатыр. Ертең көрермендерге соғыс туралы «Тыныштық күзетшісі» атты спектакль қойылымы өтеді», - деді Ә. Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театры әдебиет бөлімінің меңгерушісі Рухия Бақытбек.


Аталған өнер шаңыранда барлығы 36 әртіс еңбек етеді. Биыл қарашада құрылғанына 5 жыл толатын театрдың көрермендері жыл санап артып келеді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бүгін сағат 17:00-де «Ханшатыр» сауда және ойын-сауық орталығында тағы бір концерт өтеді. Көрермендерге мерекеге қатысты сауалдар қойылып, дұрыс әрі жылдам жауап бергендерге театрдың ертеңгі қойылымына тегін билет беріледі.

«Алдымен бар қазақстандықтарды бүгінгі мерекемен құттықтаймын. Ел намысын қорғайтын ер, батырлар көбейе берсін. Бүгінгі концертте домбырамен «Біздің елдің жігіттері, жігіттердің төресі» деген ән орындаймын. Одан бөлек, жігіттермен орыс әндерінен попурри ұсынамыз», - деді Ә. Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театрының әртісі Ілес Көпбосынов.









Соңғы жаңалықтар