Астанада Арыстанбек Мұхамедиұлының ісіне қатысты сот басталды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Астанада Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты іс бойынша сот басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сот процесі Байқоңыр аудандық №2 сотында қаралып жатыр. А. Мұхамедиұлы сот отырысына онлайн режимде қатысып отыр. Себебі елордада қардың қалың түсуіне байланысты ол сот өтіп жатқан ғимаратқа жеткізілмеді. Сондықтан ол сот отырысынан кейін жеткізілуі мүмкін. Аталған іс судья Бағлан Ыдырысовтың қарауымен өтіп жатыр.

Атап айтқанда, жақында бюджет қаражатын талан-таражға салу айыбы тағылған А. Мұхамедиұлы, А. Нұразхан, А. Көшенов және А. Садуақасованы айыптау бойынша қылмыстық іс Байқоңыр аудандық №2 сотына түсті.

Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылдың 28 мамырында сот санкциясымен Ұлттық музей директоры Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты «күзетпен ұстау» бұлтартпау шарасы таңдалды.


Соңғы жаңалықтар