Астанада Арқайым заманынан сыр шертетін халықаралық көрме ашылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордада «Арқайым - қалалар елі: Кеңістік пен бейнелер» атты халықаралық көрме ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Көрме қола дәуірінің күллі әлемге танымал архелогиялық ескерткішінің ашылуының 30 жылдығына, «Сынташты» мәдени-тарихи кешенінің зерттеле бастауының 45 жылдығына және әлемге қалалар елін ашқан археолог, профессор Г.Б.Здановичтің 80 жылдығын тойлау аясында өткізіліп отыр.null

Арқайым - ежелгі адамзат өркениетінің бір бөлігі, РФ Челябі облысының оңтүстігінде орналасқан қола ғасырындағы бекіністі қоныс. Оны шын мәніндегі әлемге кеңінен танымал, ең маңызды мәдени мұралардың археологиялық нысаны деп атауға болады.

«Қола дәуірінің ескерткіші 1987 жылы табылған болатын. Арқайымда кең ауқымды қазба жұмыстары 1991 жылы Геннадий Здвновичтің басшылығымен жүргізілген. Қазба жұмыстары барысында ескерткіш қола дәуірінің бекем бекінісі болып шықты. Фото көрмеде аталмыш ескерткіштің суреттері қойылған», - дейді ҚР Ұлттық музей директоры міндетін атқарушы Абай Сатыбалдин.null

«Арқайым - қалалар елі: Кеңістік пен бейнелер» атты халықаралық көрмесі ғалымдар, археологтар, тарихшылар үшін ғана емес, сонымен қатар адамзат тарихына қызығушылық танытып зерттейтіндер үшін аса қызықты деуге болады. Арқайым - археологиялық, сәулеттік әрі тарихи ескерткіш қана емес, ол сол сияқты әлемнің көптеген елдерінің археологтары 150 жылдан астам уақыт бойы іздеген «арийлік заттай кешенмен» таныстыратын ашық аспан астындағы музей.null

Фотокөрме стендттеріне «Қалалар елі» ескерткіштерінің географиялық орналасуы, бекіністі және бекініссіз қоныстардың аэрофото түсірілімдерінің мағынасын ашатын материалдар, әртүрлі уақыт кезеңдеріндегі археологиялық қазба жұмыстарының фотосуреттері, сол сияқты тірі табиғат пен оншақты бекіністі қоныстардың бүгінгі дала күйінің авторларының фотосуреттері берілген.

Көрме 2019 жылдың 11 ақпанына дейін жалғасады.

null

Соңғы жаңалықтар