Астанада «әріп-құрылымды» аялдама пайда болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордадағы Республика даңғылындағы аялдаманың жанында алып BUS  әріптері пайда болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Астана қаласының Сарыарқа ауданының баспасөз хатшысы Бибігүл Әбіддинге сілтеме жасап. 

Оның айтуынша, «Самал» шағынауданында бұдан былай автобусты ерекше аялдамада күтуге болады. Бұл әріптердің ішінде ыңғайыңызға қарай жатып, кітап та оқи аласыз.

«Бұл стандарттан тыс әріптер Республика даңғылына ерекше өң беріп тұр. Жуық арада дәл осындай тағы бір қызықты сый біздің ауданда пайда болады», - дейді ол фейсбук парақшасында.

Соңғы жаңалықтар