Астанада архивтік жобаға байқау жарияланды

None
None
ТАНА. ҚазАқпарат - Астанада архив ғимаратын тиімді пайдалану идеясына арналған жобаға байқау жарияланды. Бұл туралы Астана қаласы Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы басшысының орынбасары Сәкен Есіркеп мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Астана қаласы арxивін заманауи үлгіде жетілдіру жұмыстары басталып кетті. Алдағы екі жылда арxивте жинақталған миллиондаған құжаттар сканерленіп, толық электронды форматқа ауысады. Құжаттар жұртшылыққа қолжетімді бола түседі», - деп жазды басқарма басшысының орынбасары өзінің Фейсбук парақшасында.

Оның айтуынша, бүгінде арxив құжаттарын кең қолданысқа енгізу үшін ғылыми институттармен, оқу орындарымен байланыс нығайтылуда.

«Қазір арxив ғимаратының 85 шаршы метрлік бөлмесін тиімді пайдалану бойынша идеялар қабылданып жатыр. Бүгін осы мәселе бойынша бірнеше жобаны қарадық. Бірақ ұсыныстар ашылмаған, тым қарапайым болғасын қабылдамадық. Негізгі ой - арxивтің бір бөлмесін азаматтарға қызықты, пайдалы орынға айналдыру. Ғылыми-танымдық шаралар ұйымдастыратын, сұxбаттасатын, интеллектуалдық орта қалыптастыратын немесе балалар баруға құмартатын т.б. қосымша ұсыныстар қажет», - дейді С.Есіркеп.

Ең үздік жоба иесіне сыйақы ретінде 200 мың теңге беріледі. Байқауға қатысты басқа да ақпаратты 8775 094 4276, 8701 322 2555 ұялы телефондары арқылы білуге болады.

Соңғы жаңалықтар