Астанада арбада отырып билеуден ашық чемпионат басталды

None
None
  АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін елордада мүмкіндігі шектеулі жандар арасында пара биден ашық чемпионат басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Пара би бойынша Астананың ашық чемпионатына еліміздің 6 аймағының (Астана, Шымкент қалалары, Түркістан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Алматы облыстары) өкілдері қатысуда. Олардың арасында би спортынан Әлем және Азия чемпиондары мен лауреаттары бар. Ашылу салтанатына Қазақстан мен Ресейдің би ұжымдары қатысып жатыр. Сондай-ақ, чемпионат аясында хореография және сахна биінен балабақша тәрбиеленушілерінің де фестивалі өтуде. null  

Одан бөлек, ертең үш бірдей шараның ашылуы болады. Олар - ҚР ашық чемпионаты, «Kazakhstan Open 2018» черлидерлер спортынан халықаралық турнир және заманауи, эстрадалық, халықтық және әртістік би бойынша халықаралық турнир.

Аталған сайыстарға Қазақстанның барлық өңірінен, одан бөлек Қырғызстан, Өзбекстан және Ресей өнерпаздары қатысады. Бишілер бәсекесі «Сен жұлдызсың» ұранымен өтеді.

«Пара би спорты елімізде кәсіби түрде 2009 жылдан бастап қолға алынды. 2010 жылы барлық өңірлердегі Мәдениет және спорт басқармасының жанынан пара би спорты бөлімі жұмыс істей бастады. Содан бері Қазақстан чемпионаты тұрақты түрде өткізіліп келеді. Бүгінде 34 адамнан тұратын ұлттық құрама бар. Қазақстан құрама командасы жыл сайын халықаралық жарыстарға қатысып жүлдемен оралады. Сөзіме дәлел келтірейін, үстіміздегі жылы біздің спортшылар Польша, Тайвань, Германия елдерінде өткен халықаралық байқау мен әлем кубогына қатысып, жүлделі орындар иеленді. Және бұны тек спорт түрі ғана емес, тағдыры ерекше жандардың басын қосатын мереке деп айтуға болады», - деді ҚР Заманауи және спорттық би федерациясының президенті Әлия Түсіпбекова.null 

Ұйымдастырушылардың айтуынша, аталған байқау қатысушыларға биыл өтетін Әлем және Азия чемпионатына лицензия алуға, сондай-ақ спорттық дәреже иеленіп, ұлттық құрамаға кіруге мүмкіндік береді. Яғни үздік деп танылғандар еліміздің атынан әлемдік жарыстарға қатысады. 

Осымен жетінші рет ұйымдастырылып отырған турнир қатысушылар үшін жылдың басты оқиғасы саналады. Олардың айтуынша, бұл шаралар өнер көрсетумен қатар, бір-бірімен араласып, өзара тәжірибе алмасу үшін де маңызды. 2011 жылы бастау алған өнер сайысы 7 жылдың ішінде 15 мыңнан астам бишінің басын қосқан. 

Шараны ұйымдастырушылар - Заманауи және спорттық би федерациясы мен Астана қаласының спорттық би федерациясы. Чемпионат ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, Астана қаласының әкімдігі және Астана қаласы мәдениет және спорт басқармасының қолдауымен өтіп жатыр.null 

null null null null null null  null null null null 

 

Соңғы жаңалықтар