Астанада апат жойылып, үйлерге электр қуаты берілді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Астанада қосалқы стансада болған өрт салдарынан жарықсыз қалған үйлерге электр қуаты қайта берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сағат 11.50-де «Заречная» 110/10 кВ қосалқы стансасындағы шектеулер толық алынды. Электр энергиясын беру қалпына келтірілді», - деп хабарлады «Астана-РЭК» кәсіпорнынан.

Еске салсақ, бүгін Астанада өрт болып, көпқабатты 23 үй жарықсыз қалған еді.

Атап айтсақ, электр энергиясынан А.Байтұрсынұлы, Б.Момышұлы, Керей-Жәнібек хандар, Ә.Бөкейхан, Түркістан, Мәңгілік ел көшелері мен Телман кенті ажыратылды.


Соңғы жаңалықтар