Астанада АӨСШК-нің ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңесінің V бизнес-форумы өтеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 10-11 қараша күндері Астанадағы «Rixos President Hotel Astana» қонақ үйінде Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңестің (АӨСШК) V бизнес-форумы өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Шараны ҚР Ұлттық экономика министрлігі мен «Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ және АӨСШК хатшылығы ұйымдастырып отыр.

Бизнес-форумда АӨСШК-ге мүше 34 ел аталмыш ұйымға бақылаушы елдердің өкілдері қатысады. Пленарлық отырыстардың спикерлері: ҚР Ұлттық экономика министрі Қ. Бишімбаев; елші, АӨСШК атқарушы директоры Г. Цзяньвэй, Қытай сауда палатасының машинажасау және электронды өнімдердің импорт және экспорты жөніндегі президенті, АӨСШК Іскерлік кеңесінің төрағасы Ч. Юйцзин, «Даму» қорының басқарма төрағасы Қ. Тулеушин, Түркияның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Н. Уянык, Азия Даму банкінің Қазақстандағы өкілдігінің директоры Д. Капаннелли және басқа да халықаралық сарапшылар бар.

Мәжіліс қорытындысы бойынша «Даму» қоры мен «МСП корпорациясы» АҚ (Ресей), «Беларусь кәсіпкерлерді қаржылай қорғау қоры» және Моңғолия шағын және орта кәсіпкерлік қоры арасында, сондай-ақ «Атамекен» кәсіпкерлердің Ұлттық палатасы мен Моңғолия шағын және орта кәсіпкерлік қоры арасында арнайы меморандумға қол қойылады деп күтілуде.

Пленарлы мәжіліс соңында қатысушылар баспасөз мәжілісін өткізеді.

Панелді сессия барысында «Бизнес пен биліктің ашық диалогы - әріптестікте жұмыс істеу үшін не керек?», «Жасыл экономика» және «Франчайзинг саласы бойынша АӨСШК-ге мүше елдердің үздік үлгілері» атты тақырыптарында Жапония, Моңғолия, Беларусь, Қырғыз Республикасы және Ресейлік сарапшылары баяндама жасайды.

АӨСШК ұйымының негізгі шарасы - «Әйелдер кәсіпкерлігін дамытуды қолдау - АӨСШК елдерінің тәжірибесі» атты әйелдер кәсіпкерлігіне арналған форум мен «Микроқаржыландыруды дамытудың аймақтық үрдістері» атты форум болмақ.

Бизнес-форум барысында екі күн бойы қазақстандық өндірушілердің «KazFranch-2016» атты көрмесі жүреді.

Соңғы жаңалықтар