Астанада әнші әрі актер Нұрболат Абдуллиннің жеке концерті өтті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласындағы «Қазақстан» орталық концерт залында әнші әрі актер Нұрболат Абдуллиннің жеке шығармашылық кеші болып өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әнші бас қаламызда өткізген алғашқы концертін Астананың 20 жылдық мерейтойына арнады. Кеште лирикалық әндермен қоса рэп, рок стилінде шырқаған өнер иесі бұл жолы көрермендерін жан-жақтылығымен тәнті етті. Сондай-ақ әнші бұл кеште өзі әуенін жазған «Тағдырласым», т.б бiрнеше әндерінің тұсауын кесті.

Сондай-ақ, ол жеке концертіне арнайы келген ата-анасына ерекше құрмет көрсетіп, ән арнады. Бұл жүрек тебірентер көрініс әншінің де, жиналған жұрттың да көңілін босатпай қоймады. Оркестрдің сүйемелдеуімен жанды дауыста ән шырқаған әнші алғашқы концерті болса да еш саспай, киелі саxнада өзін барынша еркін ұстады.

Екі сағаттан аса уақытқа созылған кеш көрерменге руxани демалыс сыйлады. Өнер иесінің лирикалық әндерін тамсана тыңдап, көңілді әндеріне билеген жұртшылық Нұрболаттың келесі кешін асыға күтетіні сөзсіз.

Соңғы жаңалықтар