Астанада амбулаториялық медициналық қызметке бөлінетін қаражат көлемі артады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Биыл Нұр-Сұлтан қаласында амбулаториялық-емханалық деңгейдегі медициналық қызметтердің қолжетімділігі кеңейе түседі. Бұл туралы Әлеуметтік-медициналық сақтандыру қоры Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалының директоры Нұрлыбек Қабдықапаров мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біздің 2021 жылға арналған сатып алу туралы жоспарға сәйкес халыққа медициналық көмек көрсету үшін 26,55 млрд теңге, оның ішінде тегін кепілдендірілген медициналық көмек көлемі (ТМККК) аясында – 24,15 млрд теңге, ал медициналық сақтандыру (МӘМС) пакетіндегі медициналық қызметтерге – 2,4 млрд теңге қарастырылған», - деді Нұрлыбек Қабдықапаров ZOOM платформасында өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, бүгінде елордада медициналық қызметтің 66%-ын жекеменшік мекемелер көрсетеді.

«Қазіргі уақытта Нұр-Сұлтан қаласында 108 медициналық қызмет көрсетуші мекемемен шарт жасалды, оның 71-і – жекеменшік клиника. Жыл өткен сайын халыққа медициналық қызмет көрсететін жекеменшік қызмет жеткізушілер үлесі артуда. Бұл пациенттің үздік клиниканы таңдауына мүмкіндік береді. Медициналық қызмет жеткізушілер тізімін біздің қордың fms.kz сайтынан қарауға болады. Биыл қор амбулаториялық-емханалық деңгейдегі медициналық қызметтердің қолжетімділігін кеңейтеді. Атап айтқанда, стационарды алмастыратын көмекті, күндізгі стационар қызметін, қашықтықтан көрсетілетін медициналық көмекті, профилактикалық тексерулерді, бала денсаулығын қорғау, мектеп медицинасы және онкогематология бойынша қаржыландыру көлемі артады», - дейді ол.


Соңғы жаңалықтар