Астанада «Алтын сақа» республикалық турнирі өтеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 1 желтоқсанда «Сарыарқа» велотрегінде Тұңғыш Президент күніне орайластырылған «Алтын сақа» республикалық турнирі өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Турнир сағат 11:00-де басталады.

«Бұл жарыс дәстүрлі түрде екінші рет өткізіліп отыр. Жарысқа асық ату спортынан Қазақстан құрама командасының, облыстық командалар мүшелері және ойынға қызығушылық танытқан дайындығы және медициналық анықтамасы бар спортшылар қатысады. Жарыс бестабан (ерлер) , бес асық немесе қақпақыл (әйелдер) ережесі бойынша өтеді», - деп хабарлайды ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт комитетінен.

Жарысқа еліміздің өңірлерінен келген асық атудан бірнеше дүркін чемпиондары, халықаралық турнирлердің жеңімпаздары қатысады деп күтілуде. Жарысқа медициналық анықтамасы бар 17 жастан асқан спортшылар қатыстырылады. Жүлде қоры - 2 млн теңге.

Турнирді Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі, Ұлттық спорт түрлері Қауымдастығы, Асық ату Федерациясы ұйымдастырып отыр.

 

Соңғы жаңалықтар