+7 (701) 759 90 19
USD 387.16 EUR 428.47
RUB 6.08 CNY 55.13
Jańalyqtar

Астанада «Алтын домбыра» VII республикалық ақындар айтысы өтеді

2018 жылғы 1 желтоқсан 10:39
Бөлісіңіз:
Астанада «Алтын домбыра» VII республикалық ақындар айтысы өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада «Алтын домбыра» 7-інші республикалық ақындар айтысы өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің Халықаралық Одағы» республикалық қоғамдық бірлестігіне сілтеме жасап.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен елорданың 20 жылдығына және Тәуелсіздік мерекесіне арналған биылғы айтыс «Астанам, сенсің айбарым» тақырыбымен өтеді.

«Биыл 7-ші рет өтетін «Алтын домбыра» айтысына жыл бойы өткен додалардың жеңімпаздары Айбек Қалиев, Ринат Заитов, Рүстем Қайыртайұлы, Мұхтар Ниязов, Аспанбек Шұғатаев, Еркебұлан Қайназаров, Жансая Мусина, Мейірбек Сұлтанхан, Әсем Ережеқызы, Мақсат Ақанов, Болатбек Оразбаев, Дидар Қамиев, Төлеген Жаманов, Тілеген Әділов, Нұрмат Мансұров, Шалқарбай Ізбасаров, Қазірет Бердіхан, Сырым Әділбек, Серік Қуанған қатарлы азулы ақындар қатысады», - делінген қоғамдық бірлестік ақпаратында.

Жүргізуші - «Айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің халықаралық одағының» Басқарма төрағасы Жүрсін Ерман.

Айтыс 16-17 желтоқсан күндері «Қазақстан орталық концерт» залында өтеді. Екі күнде де басталу уақыты сағат 15:00-де.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Мира Төлендіқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT