Астанада алғаш рет қысқы марафон басталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Astana Winter Marathon»-ға қатысуға ниет білдіргендер көп. Олардың ішінде ҚР Президент Әкімшілігі, Бас прокуратура, Қазақстан даму банкі және тағы басқа ұйымдардың өкілдері бар, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қысқы марафон үш қашықтық - 42, 21 мен 10 шақырым бойынша өтуде. Жарысқа Қазақстанның түкпір түкпірінен барлығы 400 спортшы қатысуға ниет білдірді. «Бас кезінде 300 орын 30 сағаттың ішінде сатылып кетті. Сондықтан жарыстың ұйымдастыру комитеті қосымша 100 орын бөлген болатын, алайда ол да 2 сағаттың ішінде сатылды. Шынын айтсақ, біз ондай қызығушылық болады деп ойлаған жоқпыз. Осының өзі xалықтың спортқа деген ынтасын көрсетсе керек», - дейді Astana Winter Marathon ұйымдастыру комитетінің баспасөз xатшысы Әсем Әбдірайымова.null null null

null 

Оның айтуынша, қатысушылар әрбір қашықтыққа бөлек-бөлек тіркелген. Сондай-ақ, 4-6 мың теңге көлемінде жарна жасады. Спортшылардың басым бөлігі - 207 адам 10 шақырымды таңдады. 144 адам 22 шақырымға, ал 49 спортшы толық марафон, яғни 42 шақырымға бел буды.

null 

Жарысқа тіркелгендердін ішінде - ҚР Президент Әкімшілігінің басшысы Әділбек Жақсыбеков, «Қазақстан даму банк» АҚ басқарма төрағасы Болат Жәмішев, ҚР Бас прокуратурасы құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің төрағасы Бағдат Мусин, бизнесмен Айдын Раxымбаев және тағы басқалар бар. Ал Гиннес рекордтар кітабының жеті дүркін рекордшы, халықаралық деңгейдегі спорт шебері Марат Жыланбаев жарыстың ұйымдастырушысы болып отыр. Атақты спортшы бірнеше рет қысқы жарыстарда алыс қашықтарға жүгірген. Ал 1992 жылы Екібастұздан Алматыға дейін экстремалды төмен температурада 1 400 шақырымды еңсерді.

null null null null null null null null 

Айта кетейік,  «Astana Winter Marathon» жарысы Триатлон паркінде өтіп жатыр. Түске таман қысқа қашықтықтардың жеңімпаздары анықталса, түстен кейін толық марафонның жүлделері табысталады.

Соңғы жаңалықтар