Астанада әлемге танымал «Чарлейдің әпкесі» комедиясы қазақ тілінде қойылады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 18-19 наурыз күндері Астана қаласының комедия театрында әлемге танымал «Чарлейдің әпкесі» музыкалық комедиясының қазақ тіліндегі премьерасы өтеді. Бұл туралы театрдың баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

Пьесаны ағылшын драматургы Брэндон Томас жазған, композиторы - Оскар Фельцман. И.Оразбаев, Т.Нұрмағанбетов, Т.Тоқбергенов қазақ тіліне аударған. Қоюшы режиссері - Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сайлау Қамиев.

«Чарлейдің әпкесі» - әлі күнге дейін өзектілігін жоғалтпаған әлемге танымал комедия.

«Шым-шытырық оқиғаларға толы музыкалық комедияның басты кейіпкерлері - Джек және Чарлей есімді студенттер. Жігіттер жас, албырт, сондықтан да оларға байлықтан гөрі шынайы сезім қымбаттырақ. Сүйгендеріне қол жеткізу үшін олар ештеңеден тайынбайды.

Алайда, өтіріктің көмегімен жеткен бақыт қаншалықты бағалы болмақ?! Риясыз көңіл мен қызғаныш, шындық пен жалған, адалдық пен арамдық арпалысқа түскен спектакльде шынайы махаббат әспеттеліп, әділеттілік салтанат құрады», - делінген баспасөз хабарламасында.

Соңғы жаңалықтар